Шымкент қаласында жаяу жүргіншілерге арналған «Арбат» жобасы қай көшеде ұйымдастырылатыны анықталды. Қаладағы бірқатар көшелерді жұмысшы топпен аралап шыққан облыс әкімі Ж.Түймебаев қай көшелердің мәдени демалыс орны болатынын мәлім етті.
Түрлі өнер адамдарының басын қосатын мәдени демалыс орны енді қаладағы Қошқар ата бойы мен Бекет батыр, Асқаров және Бейбітшілік көшелері бойында орналаспақ. Бүгінде арбаттың жобасы жасалынып, аймақ басшысына ұсынылған. Сонымен қатар, бүгінгі жұмысшы топ…