
«Мұны қалай түсінуге болады? Басқа көршілес мемлекеттерді алар болсақ, баланың туылуына жылдан-жылға қолдау көрсетіп отыр. Оның күтіміне, оның туылуына деген қаражатты жылдан-жылға көбейту арқылы балалы болуды үлкен мәртебеге айналдырып отыр. Олар қаржыны ұлғайтқанда, біз неге оны қысқартуымыз қажет? Мысалы, Ресейде ана капиталы барын жақсы білесіздер. Балаға, анаға берілетін қаражатты қысқарту арқылы бала санын қалай көбейтеміз және демографияны қалай көтереміз?» - деп сұрады сенатор.