
Айыпталушы 2013-2016 жылдар аралығында Каспий банкте инкассатор-жинаушы болып жұмыс істеген. Ал, 2016 жылдың шілде айында өз еркімен қызметінен кетіпті. Осы жылдың қыркүйек айында Алматы қаласындағы өзі жұмыс істеген банк филиалына қарақшылық шабуыл жасаған. Өйткені банкке ақша қалай және қай кезде келетінін қарақшы жақсы білген.