
Өткен жылы облысымызда 7 052 ұрлық фактісі тіркелген. Оның ішінде 2 145-і – ұялы телефон ұрлығы. Бұл туралы Жамбыл облысы ІІД жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция полковнигі Самат Құсайынов мәлімдеді.
– 2016 жылмен салыстырғанда ұрлық көлемі 22,7 пайызға төмендеген. Осы тұста аталған қылмыстың азаюы облыстың барлық аудандары мен облыс орталығында бірдей тіркелгенін айта кету қажет.
Жоғарыда аталғандай, ұрлық фактілерінің бір бөлігі ұялы телефон ұрлығымен байланысты.