
Инфрақұрылымдық дамытуға бағытталған «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Шығыс Қазақстан облысында «Орталық – Шығыс» дәлізін қайта құру жоспарланған. Оның аясында 5 автожол жобасы жүзеге асады. Облыс әкімі Даниал Ахметовтың айтуынша, Елбасы Жолдауында жарияланған жобалар Ресейдің Сібір аймағынан Қазақстан арқылы Қытайдың ШҰАР провинциясына қысқа жол ашуға мүмкіндік береді.
«Орталық – Шығыс» дәлізін қайта құру жалпы ұзындығы 161 шақырым құрайтын «Омбы – Майқапшағай», «Таскескен – Бақты»,…