
Облыстағы жекпе-жек спортының федерациялары өткен жылды қорытындылап, биылға құрған жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ, чемпион атанған бірнеше спортшыларға құрмет көрсетілді.
Есептік баспасөз жиынына облыстық спорт басқармасының қызметкерлері, қоян-қолтық ұрыс, панкратион, грепплинг, джиу-джитсу, жекпе-жек, ММА бойынша облыстық федерациялардың басшылары, сондай-ақ, аталған спорт түрлерінен жеңіске жеткен чемпиондар қатысты.
— Біз үшін өткен жыл өте табысты болды. Түрлі деңгейдегі…