
Шығыс Қазақстанда Өскеменнің танталы мен ниобиінен медицинаға қажетті құралдар мен жасанды имплантаттар шығарып, өндірісті түбегейлі жаңғыртып, инновациялық бағытта дамытуға мүмкіндік беретін жоба қолға алынды. Шығысқазақстандық ғалымдар бұл істі Астанадағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының мамандарымен бірлесіп жүзеге асыруда. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов өңір тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуінде мәлім етті.
Облыста мүлде жаңа сипаттағы, технологиялық…