
Бес бала әжесімен бірге жатақхана үлгісіндегі 3 бөлмелі пәтерге жақында ғана көшіп алған болатын. Бұл сәтте олардың аналары ауыр сырқаттан емделу үшін ауруханада жатқан. Алайда, көпбалалы әйел қатерлі дерттен айыға алмай, қайтыс болды. Бұл туралы аталған отбасыға көмектескен шымкенттік еріктілер Instagram әлеуметтік желісіне жазды.