
Облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушы Бөйкейхан Қайыпназаровты 7 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сот барысында 56 жастағы айыпталушының қылмысы толығымен дәлелденіп, ол Қылмыстық кодекстің 194 бабы «Қорқытып алу» бойынша кінәлі деп танылып, абақтыға жабылды. «Жаза қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі аса жоғары мекемесінде өтеу белгіленсін. Жазаның өтеу мерзімі 2017 жылдың 15 тамызынан бастап есептелсін. Оған қатысты…