
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында бүгін Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің студенттерімен дөңгелек үстел отырысы өтті.
Аталған оқу ордасының «Сәндік-қоданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері» мамандығының 2 курс студенттеріне арнап өткізілген жиында Елбасы Жолдауындағы сегізінші, яғни «Адами капитал – жаңғыру негізі»…