
Анық-қанық
Қазіргі күні Ақтөбе қаласында иесіз, яғни ПИК немесе кондоминиумға қарамайтын көп қабатты жиырма үй бар. Бұндай үйлердің көпшілігі ұзақ жылдардан бері жөндеу көрмеген. Жертөлесі мен шатыры, жылу құбырлары ауыстырылмаған.
Ақтөбе қалалық тұрғын үй инспекциясының бөлім басшысы Қайдар Ермашевтің айтуынша, басқарушы органдары жоқ үйлерде тұратын тұрғындар жақын арада ПИК немесе кондоминиум құрып, әділет департаментіне тіркетуі тиіс. Бұлай болмаған жағдайда коммуналдық мекемелер…