
«Қазақфильм» киностудиясының «Таңсәрі» толықметражды көркем фильмі 19-26 сәуір аралығында Мәскеуде өтетін 40-шы Мәскеу халықаралық кинофестивалінің негізгі конкурсына іріктеліп алынды, – деп хабарлайды “Zhambylnews” AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Таңсәрі» фильмін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. Режиссері – Әділхан Ержанов.
Фильмнің басты кейіпкері – өзін таппай жүрген, бітпейтін аяздан шаршаған ер адам.