
«Жарналар мен аударымдарды дер кезінде төлемегені үшін мемлекеттік кірістер органдары әр күн үшін ҚР Ұлттық банкі бекіткен қайта қаржыландыру ресми мөлшерлемесінің 1,25 есе көлемінде өсімақы тағайындайды. Мәселен, МӘМС жарнасын төлеу 30 күнге кешіктірілсе, 150 мың теңге жалақы алатындардың өсімақысы 16,41 теңгені құрамақ», - деп жауап берді Міндетті медициналық сақтандыру қоры ҚазАқпарат сауалына.