
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Қапшағай қаласында болып, өз тапсырмасы бойынша жасалған абаттандыру жұмыстарының нәтижелерімен танысты, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Қапшағай қаласының әкімі Талғат Қайнарбеков облыс әкімі Амандық Баталовты қалалық саябақ аумағын дамыту тұжырымдамасымен, жағажай аумағын дамыту мен көп қабатты үйлердің аулаларын абаттандыру сызбасымен, сол сияқты мәдениет үйлері мен дене шынықтыру-сауықтыру кешендері құрылысының жобалық…