
Ералы бабаның әулиелік қасиеті әкесінен кем болмаған. Ералы ата жас уақытында ел басқару ісіне, билік айту, жол жораға біраз жүрсе де, оған құлық қоймаған сияқты. Ол өзінің бойында киелі қасиет барын сезбесе де, болашақты болжап, сырқат адамға, малдың індетіне ем жасаған. Жылдың әр мезгілінде шөп,дән, тамырды жинап, одан дәру сусын жасаған. Бұл өңірге шөбін тауып, шайды қайнатып ішуді шығарған екен.