
«Астана Опера» К.Орфтың атақты «Кармина Бурана» сахналық кантатасының театрландырылған орындауын ұсынады. 21 ақпанда театрдың Үлкен залында тенор партиясында ең жас әртіс – «Астана Опера» балалар студиясының солисі Қажымұрат Еркін алғаш рет сахна төріне шығады, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.
Он жасар бала бола тұра балалар студиясының тәрбиеленушісі сахнада жалғыз өзі өнер көрсетіп, үлкен партияны орындайды. Қажымұрат Еркіннің талантының бірегейлігі міне осы. Жас әртіс бұдан бұрын…