
"Қарасам онда бір қара сөмке қалып қойыпты. Менің затымның жанында бір қара сөмке тұр екен. Такси жүргізушісінен сұрасам, ол менікі емес деді. Сол кезде апаның заты екенін анық білдім. Өйткені ол көлікте тек үшеуміз отырған едік. Қара сөмкені алып, үйге апарып қойдым. Ішін ашып қарасам, дәптер мен орамалға оралған көп ақша тұр екен. Өз көзіме өзім сенбедім. Себебі, өмірімде ондай ақша ұстаған емеспін. Қайта орап қойдым да дәптерді ақтардым. Сосын ішіндегі нөмірлерге хабарласып, апаның…