
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдауға түрлі түйіткілдерімен 10 азамат келді. Өңір басшысына арыз-шағымдарын тікелей бетпе-бет жеткізуге мүмкіндік алған азаматтардың басым бөлігі баспана мен жер телімдеріне қатысты мәселелерін ортаға салды.
Достық мөлтекауданының тұрғыны С.Асан мемлекеттен алған тұрғын үйін жекешелендіре алмай келе жатқанын айтты. Оның айтуынша, Тұрғын үй бөлімінің басшысы М.Абдинұров тиісті құжаттарды рәсімдеуге…