
Азаттық журналисі Руслан Меделбек Қысқы Олимпиада өткен Корея елінде өзі бақаған қызық 10 деректі жазады. 1. Оңтүстік Корея — әлемдегі ең қауіпсіз ел. Ұрлық не кісі өлтіру оқиғасы болса "ұлттық трагедия" ретінде телеарнада/сайттарда бір апта бойы талқылайды. Жаза өте ауыр. Сондықтан халық қылмысқа көп бара бермейді. 2. Барлық жерде тегін интернет бар. 5G :) Корейлер күніне тістерін бес-алты рет жуатынын байқадым. «Неге?» деп сұрасам, «стомотологқа тіс тексерту өте қымбат, 300 доллардан…