
2018 жылы көктемде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға 1991-2000 жылы туған 17 мыңнан астам азаматты әскерге шақыру жоспарлануда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
«Шақырту және медициналық комиссиялар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының әскери бөлімдері мен мекемелерін жас сарбаздармен толықтыру бойынша өз жұмыстарын бастады», – деп хабарлады…