
Биылғы “Жеңіс күні” мерекесін жаңғыртылған «Жеңіс» саябағында атап өту жоспарланып отыр, – деп хабарлайды “Zhambylnews” AA Жамбыл арнасына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта «Жеңіс» саябағында қызу жұмыс жүргізіліп жатыр. Саябақ орналасқан Ілияс Жансүгіров көшесіне тағы бір жолақ қосылып, жолдары кеңейтілген. Құрылыстың бас мердігері – «Жасыл Ел Тараз» ЖШС, одан бөлек тағы 4 құрылыс компаниясы жұмылдырылған.
Қазіргі уақытта, саябақтың кіре берісіне ені 13, биіктігі 8 метрді құрайтын екі…