
Дәленов Қазақстанда 2017 жылғы қорытынды бойынша ЖІӨ өсімі 4%-ды құрағанын атап өтті. Былтырғы экономикалық ахуалдың жаман болмағанын келесі көрсеткіштерден білуге болады: өндіруші емес өнеркәсіп салаларында 2/3 өсімге қол жеткізілді; барлық ішкі салада алға ілгерілеушілік байқалады; өңдеуші өнеркәсіп салаларында бес жылдық максимум тіркелді; қажетті салаларда да айтарлықтай өсім бар (мәселен фармацевтикада 41,8%); шикізаттық емес және терең өңдеуден өткен тауарлар экспорты ұлғаюда.