
«Дүйсенбі күні таңертең полицияның аға лейтенанты Күмісбек Оспанов пен полиция лейтенанты Дмитрий Бизиков жалғыз тұратын ауыл тұрғынының есігін қаққан. Ашылмаған соң полицейлер есікті бұзып, ішке кірген. Диванда жатқан ауыл тұрғыны құқық қорғаушыларға жауап қатпаған. Оны ауруханаға апарды. Қазір өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Учаскелік полицейлер оған тамақ пен қысқы аяқ-киім алып берген», - дейді баспасөз қызметі.