
Ата-ана балаларымен күнде әңгіме айтып жатады. Сол әңгіменің арасында маңыздысы немесе маңызы жоғы, оның өміріне әсер ететіні немесе онша әсер етпейтіні де бар. Алайда, балаңызға күнде кей сөздерді айтуды әдетке айналдырсаңыз, балаңыз байсалды, сенімді, бақытты, ештеңеден қорықпайтын болып өседі.
1. «Мен сені жақсы көремін»
Әрине, бұл баршамызға белгілі. Бірақ, арамызда соны біле тұра, ішінде ұстап айтпайтын немесе өте сирек айтатын адамдар көп. Бұл сөздің құдыреті күшті. Оны тек…