
«20 ауыл мектебі ҰБТ нәтижесі бойынша 100 балдан жоғары көрсеткіш көрсетті. Ондай межені бағындырған қала мектептерінің саны 9 ғана. Өскеменде бұл деңгейге 3 мектеп қана қол жеткізген. Ал Семейде бір де бір мектептің орташа көрсеткіші 100 балдан аспаған. Бұл ауыл мектептерінде білім беру тиімді ұйымдастырылып отырғанын көрсетеді»- деді ол.