
Хромтау қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді.
Ресми мәліметке сүйенсек, жәрмеңкеге 8 ауылдық округ және Хромтау қаласы бойынша 7 шаруа қожалығы мен бір серіктестік, бір ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі, 5 жеке тұлға қатысып, өз өнімдерін көпшілікке ұсынды.
Атап айтсақ, жәрмеңкеде 5 сиыр еті, 3 жылқы еті саудаланды. Ұсақ малдың етіне де сұраныс жоғары болды. Жәрмеңке сөресіне шығарылған сексен литр сүт те, 40 литр айран да, 30 банка тұздалған көкөніс те…