
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Оңтүстік қолөнершісі» пилоттық жобасы бойынша 300 қолөнерші 3 айлық мерзімді оқумен қамтылатын болады.
Мамандарды оқытумен айналысатын қолөнер шеберлеріне әр оқушыны оқытқаны үшін ай сайын 30 мың теңгеден төленбек. Дипломы бар қолөнер шеберлерін сабақ беруге немесе тәжірбиелік тәлімгер шебері (мастер наставник) ретінде жұмысқа тартатын боламыз. Бұл туралы Шымкент қаласындағы Бейсбековтер…