
Облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен діни бірлестіктермен байланыс кеңесінің отырысы өтті. Оған діни бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен дінтанушы ғалымдар қатысты.
Отырыс кезінде діни ахуал сарапталып, оны әрі қарай жақсарту шаралары қаралды.
2017 жылғы іс-шаралар қорытындысы туралы баяндаған облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағамбетов есеп беру кезеңінде аймақтағы діни ахуал тұрақты болғанын атап өтті.