
ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2018 жылдың 1-қаңтарынан үстемақы алуы тиіс ұстаздарға ақша қалай төленіп жатқанын түсіндірді.
Бұл туралы Sputnik.kz хабарлады.
«Мына жәйтті түсіндіргім келеді. Мұғалімдер жалақысын толық алуы үшін біз бүгін Мәжілісте талқылап, мақұлдаған заңды (2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулер – автор ескертп. ) қабылдауымыз керек. Енді ол Сенатқа жолданады.
Заң күшіне енгеннен кейін, бізде бюджеттік өзгерістер болады.