Алматыда Әуезов театрының басшысы Ерлан Біләлдің ісіне қатысты кезекті сот отырысы өтті. Ерлан Біләлдің қорғаушысы тағы да істі БАҚ-тың қатысуынсыз қарау туралы өтініш білдірді деп жазады ҚазАқпарат.
Ал куәгер ретінде қатысып жатқан Қайрат Баяновтың қорғаушысы оны азаматтық талап қоюшы деп тануды сұрады.
«Біз Баяновты қылмыстық процесте азаматтық талап қоюшы деп тану туралы өтініш бердік. Айыптау актісімен белгіленген, оның үстіне айыпталушының өзі де жоққа шығармай отырған жайт, ол…