
Шағын жинақты мектептер мәселесі біздің облыста ғана емес, еліміз бойынша өткір болып тұр. Таразы басында екі мәселе: мектептерді сақтап қалу және мектептерді жабу, оңтайландыру мәселесі тұр. Шағын жинақты мектептердің басым бөлігі ауыл мектептері. Ауыл — ұлттың ұйытқысы. Мектеп — ауылдың тірегі. Өкінішке қарай, мектебі жабылып қалған ауылдың тұрғындары Ақтөбеге көшіп келіп, үйсіз-күйсіз жүрген жағдайлар да кездеседі… Ал таразының екінші басында тұрған ауыл мектептерін оңтайландыру, шағын…