
Он шақты адам көтеріп тұрған алып жыланның суреті бірнеше күннен бері әлеуметтік желіні дүрліктіріп жатыр, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілердегі топтарда жыланның Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында, Қапшағайда және Алматы облысы Ұйғыр ауданы Сүмбе ауылында табылды деген ақпарлар таралып жатыр. Сонымен қатар, бұл жыланды Алматы облысы Нарынқол ауылы мен Шонжы ауылында табылды дегендер бар.
Алайда жылан қолдан жасалған болып шықты және ол Қырғызстанның Талас…