
Алматы облысы аграрлық аймақ бола отырып, өзінің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға ден қойып келеді. Мәселен, 2017 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 750,5 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 102,9 %, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне қарағанда, аталған мерзімде өнеркәсіп өндірісіндегі өңдеу саласының үлесі 84,7 %-ға жеткен, ал өңдеу негізінде шығарылған өнім 636 млрд. теңгені…