
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев қыз-келіншектер мен аяулы аналарды «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтады. Мейрам қарсаңында нәзік жандыларға арнайы ақ дастархан жайылып, бұрымдылардың құрметіне «Әйел – ана – өмірдің өзегі» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Салтанатты шараға облыс ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері, облыстық ассамблея өкілдері, облыс әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі…