
Ильфат Серікбаевтың университет бітіріп, балқытушы болып жұмыс істегеніне 5 жылдан асқан. Оның сөзінше, ыстық цехтағы ауыр жұмыс адамды шыңдайды, не нәрсеге де төзімді қылады…
Жастайынан физика пәнін сүйіп оқыған маман өзінің «Қазхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы филиалы — Ақтөбе ферроқорытпа зауытындағы еңбек жолында Шалқарбек Кенжеғұловтай әріптес ағасының кездескеніне дән риза. Жоғарыда аталған сала майталманынан қызметіне қажетті технологияны, түрлі әдіс-тәсілдерді…