
Бүгін ел болашағы үшін еңбек етіп, репрессия құрбаны болған Әлихан Бөкейханның туғанына 152 жыл толып отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Қазақтың жоғын жоқтаған, «тірі кезінде қазаққа қызмет қылмай қоймаған» Әлихан Бөкейхан 1870 жылы бұрынғы қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында (бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы) өмір есігін ашқан. Әкесі Нұрмұхамед Әлиханды тоғыз жасында молдаға оқуға беріп, зерек өрен кейін мектепте білім алады. Бұдан соң…