
Ағымдағы жылдың 27 қаңтары мен 3 ақпаны аралығында Жамбыл облысында жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алуға бағытталған апталық өтуде. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қауіпті дерт дер кезінде анықталса және дұрыс емделген жағдайда бұдан сауығуға әбден болады. Шара барысында облыстық онкологиялық диспансерде ашық есік күні өтті. Онколог мамандар акцияның алғашқы күні 50-ден аса нәзік жандыларды қабылдаған. Тексеру барысында пап-тестілеу (атипиялық жасуша бар-жоқтығын тексеру үшін жатыр мойнынан…