
Ерлан Біләл қаңтардың басында өзі басқаратын театрда жаңа жылдық кеш өткізуге берген рұқсаты үшін пара алып жатқан жерінен ұсталған болатын. Бастапқыда оның 1 жарым миллион теңге ауызбастырық алғаны айтылған. Ал, сотқа дейінгі тергеу кезінде бұл сомма 900 мың теңгеге қысқарыпты. Осынша қаржыны ол «Сезам» театрының басшысынан сұраған дейді тергеушілер.