
Мәселе басқада. Мұғалім сабау модаға айналып барады. Интернетте оқутышыны мазақтаған оқушылардың бейнежазбасы толып жүр. Бірі мазақтайды, тағы бірі телефонға түсіріп алып, желіге жариялайды. Ондайларды тәртіпке шақырса, қағып жіберсе ата-анасы келіп сабайды?! Баламның мектебінде де бір оқиға болған: ыржалақтап қоймаған балаға дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жекіпті. Сөйтсе әлгі бала мұғалімін баспен бір қойып, қабағын жарыпты. Ақыры не болды дейсіз ғой – ұстаз жұмыстан кетті. Баланың шешесі сол…