
Қазақстанда экспортталған тауарлардың бағасы 2017 жылғы желтоқсанда 2016 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 21,2%, импорт тауарлары 6,8% көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.
Есепті кезеңде экспортталған темір қорытпалары – 44,2%, мырыш – 26,5%, мыс – 21%, көмір – 16%, мұнай – 29,5%, қорғасын – 9,4% қымбаттап, марганец рудалары 19,5% арзандаған. Ауыл шаруашылығы өнімдерінен: мақта 7,5% қымбаттап, бидай – 6,7%, жүн – 6,6%…