
2018 жылы тұрмысы төмен отбасыларға жалға берілетін 3507 пәтер салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.
“Тұрмысы төмен азаматтар үшін жалға берілетін тұрғын үй салу” бағыты бойынша жыл сайын республикалық бюджеттен 25 млрд теңге бөлінеді. Бұл сома өңірлерге тепе-тең беріледі”, – деді ол.
Оның айтуынша, осы бағыт бойынша былтыр өңірлерде сатып алусыз жалға берілетін 5391 пәтердің құрылысы басталған.