
"Түрлі уағыздарға әбден уланған олар уақыт өте келе мешітке келуді де доғарады. Себебі, олар мешіт имамдары бидғатшы, яғни, дінге жаңалық енгізушілер деген пікірде болған. Осылайша, үйді-үйге жиналып, өзара диалог құру кезінде бұл жігіт бірнеше адамды Сирияға кетуге үгіттеген. Базардың төңірегінде жүріп, біраз ақша жинаған жігіт Сирияға аттанып бара жатқан жерінен ұсталды. Терроризмді насихаттағаны үшін алты жылға бас бостандығынан айрылды. Енді ол дер кезінде теологтарды тыңдамағанына өкінеді.