Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: сенім шаралары» тақырыбы бойынша жоғары деңгейдегі пікірталас өтті.
Жиынды ашқан Елбасы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі басым бағыттарына тоқталды. Еліміз тарапының 2018 жылғы қаңтардағы төрағалығы мерзімінде табысты жұмыс істеп жатқанын атап көрсетті.
Бұл шараға әлемдік ақпарат құралдары жіті назар аударып,…