
Танымал әзілкеш, КВН жұлдызы Нұрлан Қоянбаев бұдан былай «Түнгі студия» бағдарламасын жүргізбейді. Бұл ақпаратты QAZAQSTAN РТРК басқарма төрағасы Ерлан Қарин растады.
«Біз қазір 1 наурызда басталатын жаңа маусымға дайындалып жатырмыз. Бағдарламалардың біразы жаңартылған форматта шығады. Мәселен, “Түнгі студия” жобасында жаңа жүргізуші болады. Бұл аяқасты қабылданған шешім емес.
Нұрлан Қоянбаев өзінің шығармашылығымен айналысамын деп шешті.
Біз мұны 2017 жылдың жазында талқылаған…