
Жамбыл ауданына жаңа прокурор тағайындалды. Әкімдікте жиын өтіп, аудан активіне құзырлы органның жаңа басшысын облыс прокуроры Ибраһим Иманов таныстырды, деп хабарлады Jambyl.tv
Жаңа қызметке кіріскен Қайыржан Еркінбекұлы Қуатбеков 1981 жылы Байзақ ауданында дүниеге келген.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің түлегі еңбек жолын облыстық прокуратурадан бастаған.
2013-2016 жылдары Меркі ауданы прокурорының орынбасары, 2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Тараз қалалық…