
Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Талас және Сарысу аудандарында іссапармен болып, аймақтардағы бірқатар өндірістік нысандар мен әлеуметтік инфрақұрылымдардың жұмысымен танысты.
Іссапардың алғашқы күнінде Талас ауданының әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндігіне назар аударылды. Өңір басшысы Қасқабұлақ ауылындағы «Айза» шаруа қожалығының тыныс- тіршілігін көзбен көрді. Шаруашылық құрылым қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойын өсіріп, мал бордақылауға бейімделген. Мұнда қазір 2800 бас…