
Наурыз айында Қазақстан халқы, мереке күндерін қосқанда, 13 күн демалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Биыл 8 наурыз мерекесі бейсенбі күнге тура келеді. 9 наурыздағы жұмыс күні ҚР Үкіметінің қаулысымен 3 наурыз, сенбіде өткізіледі. Осылайша, қазақстандықтар 8 наурыздан 11-іне дейін төрт күн қатарынан демалады. Бұл бес күндік еңбек аптасымен жұмыс істейтіндерге қатысты. ҚР Еңбек кодексі 85-бабының 3-тармағына сәйкес, мереке күндері жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында, Үкімет…