
Қытайда сағатына 600 шақырым жылдамдықпен қозғалатын жүрдек пойызды іске қосу мүмкіндігі зерттелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Жэньминь жибао» ақпараттық порталына сілтеме жасап.
«Қазір сағатына 400 километрден жоғары жылдамдықпен жүретін және рельсті өздігінен ауыстыра алатын пойызбен бірге, жылдамдығы сағатына 600 километр болатын магнитті қалқыма пойызды зерттеу үстіндеміз. Болашақта жолаушылар ұшқыр пойызға мінгенде, отбасылық кинотеатрда отырғандай сезінетін болады», – деді…