
Алматының коммуналдық қызметтері жарты тәулік бойы жауған қарды түнімен тазалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қалада жауған қардың биіктігі 6 см болса, тауда және таулы аймақтарда 12 см дейін жетті. «6 ақпан күні кешкі қарбалас уақыттан кейін қар тазалағыш 180 техникадан құралған 20 колонна ұйымдастырылды. Жүк көліктерінің шебімен полицияның патрульдік машиналары бірге жүрді. Ақпанның 6-сынан 7-сіне қараған түні 4280 текше…