
Басы дауға қалған Төреғали Төреәлі журналистерге арнап бейнебаян түсірді.
Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жүктеген видеосы арқылы байқатты.
Видеода Төреғали теледидар алдында отыр. Ал көгілдір экранда Шымкенттің журналистерінен бастап 31-телеарна жаңалықтарынан Төреғалиды жамандаған жаңалықтар беріліп жатады. Бір уақытта орнынан тұрған Төреғали теледидарды өшіріп тастап, қолына микрофон алады.
Осымен жуырда жарық көрмек бейнебаянның жарнамасы кілт үзіледі.
Желі…